Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Өңірде Елбасы Жолдауына байланысты тиісті шаралар атқарылатын болады

ОРАЛ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстанда Елбасы Жолдауына байланысты тиісті шаралар атқарылатын болады.

Өңірде Елбасы Жолдауына байланысты тиісті шаралар атқарылатын болады

Бұл туралы Ақжайық ауданының әкімі Абай Иманғалиев аудан активі жиналысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, өңірде өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін бірнеше ірі жоба жүзеге асырылса, биыл көршілес Зеленов ауданы Янайкин ауылында мал бордақылау кешені ашылады. Бұл еңбек өнімділігін жоғарылатып, мал өнімдерін экспортқа шығаруға мүмкіндік береді. Мұндай жұмыстан Ақжайық ауданы да шет қалмайды. Мал сою, ет, жүн-тері қабылдайтын орындарды талапқа сай жасақтау қажет.

Елбасы Жолдауында кәсіпкерлікті дамытуға баса назар аударылды. Ауданда кәсіпкерлер өндірген өнім мен көрсеткен қызмет көлемі - 5,7, бюджетке түскен салық 18,2 пайызға көбейіп отыр. Енді «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жете түсіндіріп, ынтасы бар ағайынды қолдау қажет.

«Балапан» бағдарламасына орай Тайпақ ауылында жаңа балабақша ашылып, бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 80,6 пайызға жетеді. Қарауылтөбе ауылында балабақша, сондай-ақ 16 елді мекенде шағын орталықтар ашу көзделуде.

Елбасы Жолдауына байланысты аудан бойынша жеті және одан да көп баланы тәрбиелеп өсірген 600-ден астам ананы «Алтын алқамен», 6 баласы бар 500-ге жуық ананы «Күміс алқамен» марапаттауға ұсыну жұмыстары жүргізілуде. Жеңістің 65 жылдығына орай 23 соғыс ардагеріне 65 мың теңге көлемінде біржолғы жәрдемақы төленеді. Басқа да шаралар атқарылатын болады.