19:46, 06 Ақпан 2009 | GMT +5
Өңірде кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 20 жыл толуына орай шаралар өткізілуде
ОРАЛ. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 20 жыл толуына орай шаралар өткізілуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орал қаласындағы №27 мектепте ауған жерінде қаза тапқан жауынгер Григорий Величкоға ескерткіш тақта орнатылып, еске алу шарасы болды.
Жәнібек ауданында №1, Т.Жароков атындағы орта мектеп және №9 кәсіптік мектепте ерлік сабақтары өткізілді. Айталық, кәсіптік мектепте өткен кеште аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Арман Мағзомов осы өңірден ауған соғысына аттанғандар жөнінде әңгімелесе, сол шайқастардың бел ортасында болған Кәрімжан Әткешев майдан даласындағы қауіп-қатерге толы күндер туралы айтты.
Аудандық мәдениет үйінде әскери-патриоттық әндер фестивалі өткізілді.
Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғаспақ.