20:29, 21 Қаңтар 2009 | GMT +5
Өңірде қой мен ешкі 24,1 мыңға көбейіп, 769,6 мың басқа жетті
ОРАЛ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында қой мен ешкі бір жыл ішінде 24,1 мыңға көбейіп, 769,6 мың басқа жетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Өңірде барлық негізгі түліктің өсуіне қол жеткізілді. Ірі қара 5,1 мыңға өсіп, 438,5 мыңды құраса, жылқы 4,2 мыңға артып, 61 мыңға жетті. Сондай-ақ шошқа 0,8 мыңға толығып, 26,1 мың болды. Облыста сондай-ақ 3,5 мың түйе (өсім ? 1,1 пайыз) бар.
Өткен жылы облыс шаруашылықтарында 156,8 мың бас бұзау, 425,6 мың қозы мен лақ, 16,3 мың құлын алынды.