Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Өңірде мал шаруашылығы одан әрі дамытылып, әлеуметтік салаға да барынша көңіл бөлінетін болады

ОРАЛ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-дағы ең шалғай аудан – Бөкей ордасында мал шаруашылығы одан әрі дамытылып, әлеуметтік салаға да барынша көңіл бөлінетін болады.

Өңірде мал шаруашылығы одан әрі дамытылып, әлеуметтік салаға да барынша көңіл бөлінетін болады
Бұл туралы Саралжын, Ұялы ауылдық округтерінде есеп берген аудан әкімі Рахман Карин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталмыш өңірде 397 ауыл шаруашылығы құрылымы болса, қазір 480 орында 38200 ірі қара, 83500 қой-ешкі, 8400 жылқы және 1230 түйе қыстатылуда. «Хан Ордасы» ЖШС өзге жерде жоқ қазақтың асыл тұқымды айыр өркешті түйесін өсірумен шұғылданып келсе, оның қатарына қазақтың ақбас тұқымды сиырын көбейтуді қолға алған «Есет» және «Рауан» асыл тұқымды шаруа қожалықтары қосылды. Қаңтардың аяғында аудан орталығы Сайқында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасына сәйкес 600 орындық жаңа мектеп ғимараты ашылып, осы ауыл мен Мұратсайға «көгілдір отын» жеткізілмек. Осы қаңтар айында аудандық байланыс жүйесінің толықтай сандық жүйеге көшірілуі бұл саладағы қызметтің сапасын арттыра түсетін болады. Сондай-ақ мәдениет, денсаулық сақтау, спорт, сумен қамту нысандарын күрделі жөндеу, іске қосуға да ұдайы көңіл бөлініп келеді. Есептік кездесулерде айтылған тұрғындардың ұсыныс-тілектері ескеріле отырылып, мұндай жұмыстар биыл да жалғасатын болады.