12:25, 28 Қаңтар 2009 | GMT +5
Өңірде мемлекеттік қызметте әйелдер мен жоғары білімді мамандар саны көбейіп отыр
ОРАЛ. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында өткен жылы мемлекеттік қызметкерлер саны жүз адамға азайғанымен, әйелдер мен жоғары білімді мамандар қатары көбейіп отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық басқармасының бастығы ? тәртіптік кеңес төрағасы Әкімгерей Серғалиннің сөзіне қарағанда, 2008 жылы облыстағы мемлекеттік органдар 490 бос жұмыс орнына байқау өткізді. Бір орынға орта есеппен 4,2 үміткерден келді, бұл республикалық көрсеткіштен анағұрлым артық. Сонымен қатар кадрлардың ауысуы да республикалық көрсеткіштен жоғары болып, 16,9 пайызды құрады.
Өткен жылы тәртіптік кеңеске түскен сыбайлас жемқорлық бағыттағы істер саны алдыңғы жылғыдан аз болды. Көбіне мемлекеттік сатып алулар, тендерлер өткізуде, азаматтардың арыз-шағымын қарауда заң бұзылады. Тәртіптік кеңес ұсынысына сәйкес өткен жылы төрт адам қызметінен босатылды.