Өңірде өз еркімен қару тапсырғандарға 21 миллионнан астам теңге төленді
ОРАЛ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Өткен жылдың қаңтар-тамыз айларында Үкімет қаулысына сәйкес азаматтар заңсыз сақталған қаруларын ерікті түрде тапсырған болатын,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ІІД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Манарбек Ғабдуллиннің айтуынша, аталмыш мерзімде 801 қару-жарақ тапсырылды. Оның ішінде 660 аңшы мылтығы, 19 граната, 20 килә атылатын зат, 15640 оқ-дәрі бар. Осыған сәйкес 370 адамға 14 млн. теңге төленді. Бастапқы қарастырылған қаражат жеткіліксіз болғандықтан, оның орны кейін толтырылып отыр. Наурыз айында да қосымша қаржы түсуіне байланысты барлығы 21 679 000 теңге өтемақы төленді. Енді қалған 2 342 188 теңге осы сәуір айының аяғына дейін берілмек.