Өңірде сәуір айына дейін әр ірі қараға жеке төлқұжат толтырылмақ - БҚО
ОРАЛ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында сәуір айына дейін әр ірі қараға жеке төлқұжат толтырылмақ.
Аталған құжатта малдың жасы мен алдын ала егу шаралары және басқа да мәліметтер жазылмақ.
Бұл өңірдегі мал басын қадағалау үшін керек. Сондай-ақ қорадағы әр мал міндетті түрде сырғалануы керек. Ірі қара секілді, шошқаларға да төлқұжат толтырылуы тиіс. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы малдәрігерлік бөлімінің бас маманы Ерболат Ахметовтің айтуынша, қазіргі таңда төлқұжаттар дайын тұр. Таяу күндері округтердегі мал мамандары ірі қараларды құжаттау жұмысын бастамақ. Әзірге бұл малдар сырғалануда.
Статистикалық мәліметтерге қарағанда, облыста 420,7 мың ірі қара, 27,4 мың шошқа бар.