Өңірде «Семей-Невада» қозғалысының 20 жылдығына орай шаралар ұйымдастырылуда

ОРАЛ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында «Семей-Невада» қозғалысының 20 жылдығына орай шаралар ұйымдастырылуда,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Семей сынақ ядролық полигоны облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мағжан Бисенғалиевтің айтуынша, аталмыш қозғалыс осыдан жиырма жыл бұрын құрылса, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Семей полигонын түпкілікті жабу туралы 1991 жылғы тамыздың 29-ында Жарлыққа қол қойған еді. Бұл ел халқын полигоннан құтқарып қана қоймай, бүкіл әлемге қозғау салды. Өңірде өздерінің әскери міндетін Семей полигонында өтеген сарбаздар 1998 жылы бас біріктіріп, облыстық қоғам құрған болатын. Қазіргі кезде онда 700-ге тарта мүше болса, соның 550-і ? мүгедек. Қоғам Ақтөбе қаласындағы аумақтық ведомствоаралық сараптау кеңесімен тығыз байланыста. Мұнда полигоннан зардап шеккендердің денсаулығын бақылау жүргізіледі. Сонымен бірге еліміздің орталық мұрағатынан олардың Семей аймағында болғаны жөнінде құжат алынады. Қоғам өз мүшелеріне қатысты олардың мүгедектігін анықтайтын сараптама комиссиясына құжаттар әзірлейді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы қоғам мүшелері Алматы қаласындағы әскери госпитальге жіберіліп тұрады. Қазіргі кезде қозғалыстың 20 жылдығына орай бейбітшілік сабақтары өткізілуде. Мұндай шаралар жыл бойы жалғасатын болады.
Соңғы жаңалықтар