Өңірде шет елден келетін жұмыс күштері азайып келеді

ОРАЛ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында шет елден келетін жұмыс күштері азайып келеді. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметіне қарағанда, өңірде шетел жұмыс күшін тартатын 79 компания мен ұйымда 1671 шетелдік маман, 13106 қазақстандық қызметкер жұмыс істеуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Олар негізінен мұнай және газ кен орындарында еңбек етеді. Өткен жылы Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту министрлігі облысқа 2815 квота белгілесе, биыл ол 815 адамға азайтылып, 2 мың адамды құрап отыр. Аталмыш басқарманың рұқсат беру құжаттарын дайындау бойынша жұмыстарды үйлестіру бөлімінің бастығы Гүлнәр Ахмедиярованың сөзіне қарағанда, өткен жылы шетелдік компаниялар арқылы қажетті мамандықтарға 357 жұмыссыз даярлықтан өтсе, соның 300-дейі еңбек орнын тапты. 65 жас шетелдік компанияларда тәжірибеден өтсе, 110-ы жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ 175 шетелдік маманның орнын қазақстандық азаматтар басса, биыл мұның санын 200-ге жеткізу жоспарлануда.
Соңғы жаңалықтар