Өңірде «Таза су» бағдарламасы жүзеге асырылуда

ОРАЛ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында «Таза су» бағдарламасы жүзеге асырылуда,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Теректі ауданының әкімі Алексей Горобцовтың айтуынша, ауданда аталмыш бағдарлама бойынша көп жұмыс атқарылды. Бұл жобаның жалпы құны 137 млн. теңгені құрады. Ақжайық ауылындағы су құбырын жаңалауға 40,9 млн. теңге бөлінді. Қазір жұмыстың бірінші кезеңі аяқталып, қалған қаржы биыл игеріледі. Ақсуатта су жүйесі күрделі жөнделсе, Көнеккеткен, Долинный ауылдарын сумен қамту үшін жобалау-сметалық құжаттама жасалды. Сарыөмір ауылына су құбырын тарту 2010-2011 жылдары көзделген еді. Рыбцехта жер сілкініп, көпшілік тұрғындарының Сарыөмірге көшуіне байланысты облыс басшысы жобаны мезгілінен бұрын іске қосу туралы шешім қабылдады. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 200 миллиондай теңге бөлініп, биыл жазда аяқталуы тиіс болса да, ол қазірдің өзінде тиянақталып отыр.
Соңғы жаңалықтар