Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Өңірде туберкулезбен күрес айлығы өткізілмек - Батыс Қазақстан

ОРАЛ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында ақпанның 23-і мен наурыздың 23-і аралығында туберкулезбен күрес айлығы өткізілмек.

Өңірде туберкулезбен күрес айлығы өткізілмек - Батыс Қазақстан

Облыстық туберкулезбен күрес диспансерінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, айлық барысында осынау әлеуметтік дерттің алдын алу шаралары ұйымдастырылмақ. Ашық есік күндері де өткізіледі.

Батыс Қазақстанда өткен жылы статистикалық деректерге сәйкес 596 адам туберкулезге шалдықса (2008 жылғымен салыстырғанда 71,5 пайыз), соның 236-сы - ауыл тұрғындары, 15-і 14 жасқа дейінгі балалар болып отыр.