Өңірде тұрғын үй бағдарламасына сәйкес 10,5 мың шаршы метр коммуналдық, 7,4 мың шаршы метр несиелік тұрғын үй салынбақ

ОРАЛ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биыл тұрғын үй бағдарламасына сәйкес 10,5 мың шаршы метр коммуналдық, 7,4 мың шаршы метр несиелік тұрғын үй салынбақ,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімдігінен түскен ақпаратқа қарағанда, сонымен бірге бұрын беріліп, қайтарылған несиелерді пайдалану арқылы тұрғын үй салу жалғасады. Аз қамтылған отбасылар (бұған жетімдер, мүгедектер де кіреді) үшін 200 пәтерлік үй салу көзделіп отыр. Сондай-ақ бұзып тастауға жататын, апаттық жағдайдағы үйлерде тұратындар үшін 48 пәтерлік тұрғын үй құрылысы ыңғайланбақ.
Соңғы жаңалықтар