Өңірде тұрғын үй құрылысына 1 млрд. теңге жұмсалды

ОРАЛ. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы бірінші тоқсанда тұрғын үй құрылысына 1 млрд. теңге жұмсалды.

Өңірде тұрғын үй құрылысына 1 млрд. теңге жұмсалды
Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, үш айда 23 879 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үйдің 86 пайыздан астамы немесе 20 560 шаршы метрі тұрғындар есебінен салынса, 2 780 шаршы метрі бюджеттік, 539 шаршы метрі шетелдік инвестиция есебінен іске қосылды. Наурыз айында республикалық бюджет есебінен Шыңғырлау, Теректі, Зеленов аудандарында 1 053 шаршы метр жалға берілетін коммуналдық, сондай-ақ Теректіде 440 шаршы метр несиелік үй бой көтерді.