Өңірде тұрғындарды ауыз сумен қамтудың аймақтық бағдарламасы жүзеге асырылуда

ОРАЛ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында тұрғындарды ауыз сумен қамтудың аймақтық бағдарламасы жүзеге асырылуда,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Тек 2008 жылы 15 мыңнан астам тұрғыны бар облыстың 24 елді мекенінде су құбырлары салынды. 1,2 млрд. теңге игерілді. 87 шақырым ауылдық желілер салынды. Нәтижесінде, қазір облыста шамамен 230 мың ауылдықтар (61%) таза сумен қамтылды. Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің сөзіне қарағанда, соған қарамастан, алда тұрған жұмыстар өте көп. Тіпті орталықтандырылған сумен жабдықтауы бар елді мекендерде де су құбырларының көпшілігі 25-30 жыл бұрын салынған және қайта жаңартуды қажет етеді. Су құбырлары мүлде жоқ ауылдар бар. Облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз ету үшін жыл сайын республикалық және жергілікті бюджет есебінен 1-1,5 млрд. теңге сомасында қаржыландыруды шешу керек.
Соңғы жаңалықтар
Референдум