12:34, 15 Қаңтар 2009 | GMT +5
Өңірде туризм саласын дамытуға арналған аймақтық бағдарлама жүзеге асырылды
ОРАЛ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында туризм саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы жүзеге асырылды.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, аталмыш бағдарлама бойынша 32 млн. 700 мың теңге, 2006 жылы ? 10,0 млн., 2007 жылы ? 11,7 млн., өткен жылы 11,0 млн. теңге бөлініп, толықтай игерілді. Үш жылда облыс туристік ұйымдары 45 мың адамға қызмет көрсетті. Ішкі туризм бойынша облыс тұрғындары негізінен Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Бурабай, Шалқар көлдерін қолай көрсе, Ресей, Қытай, Түркия сынды елдерге де барып-келетіндер аз емес.
Қазіргі кезде облыста 37 туристік ұйым тіркелген.