Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Өңірде жасалған қылмыстардан келген шығын 9,2 млрд. теңгеге жетті

ОРАЛ. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері тергелген қылмыстардан келген материалдық шығын 9,2 млрд. теңгеге жетті.

Өңірде жасалған қылмыстардан келген шығын 9,2 млрд. теңгеге жетті
Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, соның 97,9 пайызы экономикалық қызмет саласындағы қылмыстың үлесінде. Облыс құқық қорғау органдары қылмыс жасаған 745 адамды анықтаса, соның 543-і қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қылмыс жасағандардың басым көпшілігін, яғни 76,1 пайызын ? жұмыссыздар, 9,8 пайызын - әйелдер, 10,3 пайызын ? жасөспірімдер, 2,7 пайызын мемлекеттік қызметті атқаратындар құрап отыр. Өңірде бірінші тоқсанда 1294 қылмыс тіркелді.