Өңірде «жеңгетайлықпен» айналысатындар көбейіп отыр

ОРАЛ. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жүргізген іс-шаралар барысында 45 жезөкшелікпен айналысу, 5 жеңгетайлық, 1 бас бостандығынан айыру фактілері анықталып, іздеуде жүрген бір адам ұсталды.

Өңірде «жеңгетайлықпен» айналысатындар көбейіп отыр
Департаменттің баспасөз қызметінің инспекторы Гүлшат Молдағалиеваның ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, Бөрлі ауданының тұрғыны, он тоғыз жасар К. деген «жеңгетай» кәмелетке толмаған қыз баланы еркектермен жыныстық қатынасқа түсуге итермелеген. Сондай «жеңгетайдың» бірі, 34 жасар келіншек Орал қаласындағы сауналардың бірінде екі қыздың тәнін саудалаған қызметі үшін 9 мың теңге ақшалай сыйақы алу үстінде ұсталды. Мұндай жағдай сауналарда кеңінен орын алғаны белгілі болды. Сондай-ақ бес притон, жұқпалы жыныс ауруларына шалдыққан төрт адам анықталып, есепке қойылды.