Өңірде жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға үкімет тарапынан барынша қамқорлық жасалып келеді

ОРАЛ. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға үкімет тарапынан барынша қамқорлық жасалып келеді,

Өңірде жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға үкімет тарапынан барынша қамқорлық жасалып келеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық балалар құқығын қорғау департаментінің бас маманы Гүлайым Ерғалиеваның айтуынша, мұндай балаларды оқытумен бірге «Білім туралы» Заңына сәйкес білім беру ұйымдары басшылары жұмысқа орналастыруды да ойластыруы керек. Бұл ретте оңды мысалдар да аз емес. Айталық, Тасқала ауылында қамқоршысы Евгения Кекинамен бірге тұратын Александр Щурихин №20 кәсіптік лицейді (директоры Әділбек Алдамжаров) «Тамақ өндірісінің маманы» мамандығы бойынша үздік бітіріп, қазір осы оқу орнында еңбек етуде. Шебер аспаз ретінде танылып үлгерген жас Оралдағы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің сырттай бөлімінде «Есептеу техникалары мен жүйелерді бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білімін жалғастыруда. Қазіргідей дағдарыс кезінде жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған жеткіншектердің өмірден өз орнын табуы да ерекше маңызды.