Өңірде жұмысшы-қызметкерлердің еңбек құқығын бұзу оқиғалары азаймай отыр

ОРАЛ. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында жұмысшы-қызметкерлердің еңбек құқығын бұзу оқиғалары азаймай отыр. Бұл туралы облыстық әлеуметтік қорғау және бақылау департаментінің директоры Берікболат Нұржанов мәлім етті,

Өңірде жұмысшы-қызметкерлердің еңбек құқығын бұзу оқиғалары азаймай отыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Департамент қызметкерлерінің күшімен тек биылдың өзінде 8 млн. астам теңге жалақы заңды иелеріне қайтарылып, заң бұзған жұмыс берушілерге 5 миллионнан астам теңге айыппұл салынды. 22 еңбек инспекторы жылма-жыл 1200-ден астам тексеру жүргізгенімен, еңбек ұжымдарының бәрін бірдей қамту қиын. Өткен жылы өндірісте 18 жазатайым оқиға болып, соның салдарынан бір адам қаза тапты. Осы орайда кәсіподақтардың белсенді жұмыс жасап, қоғамдық инспекторлардың іске кіріскені маңызды болмақ.