Өңірде жыл басынан бері 128 жаңа ғимарат бой көтерді
ОРАЛ. 22 наурыз. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы екі айда 128 жаңа ғимарат бой көтерді.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, соның 72-сі - тұрғын үйлер. Биылғы қаңтар-ақпанда әлеуметтік салада 2 білім беру нысаны іске қосылды.
Өңірде 4,8 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды, бұл өткен жылғыдан 7 пайызға артық.
Екі айда тұрғын үй құрылысына 247,7 млн. теңге жұмсалды. Барлығы 8195 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.