13:34, 13 Шілде 2010 | GMT +5
Өңірде жыл басынан бері 42,1 млрд. теңгенің бөлшек тауары сатылды
ОРАЛ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы бірінші жартыжылдықта 42,1 млрд. теңгенің бөлшек тауары сатылды,

бұл өткен жылғы осы кезеңдегіден 20,3 пайызға көп.
Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, барлық тауар айналымы мемлекеттік емес саланың үлесіне тиеді. Жеке кәсіпорындар 41,4 млрд. теңгенің тауарын өткізсе, 0,7 млрд. теңгенің тауары өзге мемлекеттер меншігі, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының еншісінде.
Ірі және орта кәсіпорындар 9,1 млрд. теңге, шағын кәсіпорындар - 7,4 млрд. теңге, жеке кәсіпкерлер - 16,0 млрд. теңге, базарлар 9,6 млрд. теңгенің тауарын сатқан.
Облыстың әр тұрғынына есептегенде 67,1 мың теңгенің тауары өткізілген.
Бөлшек тауар айналымы көлемінің 75,2 пайызы - Орал қаласы, 8 пайызы Бөрлі ауданының үлесіне тиеді.