Өңірдің минералдық-шикізаттық кешенін дамыту жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті

АҚТАУ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен өңірдің минералдық-шикізаттық кешенін дамыту жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.
None
None
Онда ағымдағы жағдай мен кешенді дамыту жолдары сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Отырыс қорытындысында облыста барлау жүргізіліп жатқан көмірсутегі шикізаттары, жалпы таралған пайдалы қазбалар мен басқа да минералды ресурстар кен орындарының, сондай-ақ жер асты сулары қорының базасын құрып, минералды-шикізаттық кешенді дамыту тұжырымдамасын дайындау бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Соңғы жаңалықтар