Өңірге танымал ғалым-басшының мерейтойы атап өтілді

ОРАЛ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде белгілі басшы-ғалым, ҚР Жаратылыстану Ғылым академиясының академигі, профессор Сергей Жұбаевтың 70 жасқа толған мерейтойы атап өтілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл шараға Астана мен Алматыдан, көршілес облыстардан меймандар келді. Қонақтар алдымен университеттің мазмұны бай музейін тамашалады. Мерейтой иесін облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен, қала әкімі Самиғолла Оразов, қалалық мәслихат хатшысы Әнес Ізтелеуов және басқалар құттықтап, сый-сияпаттарын табыс етті. С.Жұбаев аталмыш университетте ұзақ жыл еңбек етіп, оның батыс аймақтағы іргелі оқу орны ретінде қалыптасуына айрықша еңбек сіңірді. Әсіресе, ол ректор болған кезеңде оқу орнында көптеген оң өзгерістер болды.
Соңғы жаңалықтар