Өңірлерде халыққа жоспарлы медициналық көмек көрсету ісі жанданды – ҚР ДСМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде Медициналық сақтандыру қоры арқылы халыққа тегін қызмет көрсететін 626 мекеме бар. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Өздеріңізге мәлім, коронавирус індеті өршіген кезде медициналық мекемелердің жоспарлы қабылдаулары тоқтатылған болатын. Дегенмен, ахуалдың тұрақталуына байланысты Қазақстанда 1 тамыздан бастап жоспарлы медициналық көмек қайтадан жанданды. Бірінші кезекте республикалық деңгейдегі мамандандырылған клиникаларға түрлі аурумен келген науқастар жатқызылады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Ресми өкілдің айтуынша, елімізде Медициналық сақтандыру қоры арқылы халыққа тегін қызмет көрсететін 626 мекеме бар. Әр облыстағы көрсеткіш әртүрлі. Мысалы, Алматы қаласында 67, Алматы облысында 50, Шығыс Қазақстанда 54 медициналық ұйым жоспарлы қабылдауға көшті.


Соңғы жаңалықтар