Онлайн казино ұйымдастырған азаматтан мемлекетке 9,9 млн теңге өндірілді

АСТАНА. KAZINFORM – Астана тұрғыны арнайы лицензиясыз ойын бизнесі саласында қызмет ұйымдастырған. 

Онлайн казино ұйымдастырған азаматтан мемлекетке 9,9 млн теңге өндірілді
Фото: montsame.mn

Оның бақылауымен мобильді қосымша арқылы қолжетімді онлайн казино жұмыс істеген. Азаматтар TikTok және YouTube әлеуметтік желілеріндегі тікелей эфирлер арқылы құмар ойындарға қатысып, ойынға қатысу үшін ақша аударып отырған.

Заңсыз қызметтен ол ірі көлемде заңсыз табыс тапқан.

Сот оны кінәлі деп танып, рақымшылық актісі негізінде жазадан босатқан.

Алайда сот заңсыз жолмен алынған қаражатты тәркілеу мәселесін шешпеген.

Прокуратураның кассациялық наразылығы бойынша сот актісі өзгертілді. Сотталғаннан мемлекет пайдасына қылмыстық жолмен алынған заңсыз табыс ретінде 9,9 млн теңге өндірілді. 

Айта кетелік ШҚО-да прокуратура 90 млн теңгеден астам қаржының тиімсіз жұмсалуына жол бермеген еді