20:31, 28 Наурыз 2016 | GMT +5
Оңтүстік Африка Республикасында «Боинг» ұшағы апатты жағдайда қонды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Боинг-737» лайнері ОАР астанасы Йоханнесбург әуежайына апатты жағдайда қонды. Бұған ұшақ дөңгелегінің зақымдануы себеп болды.

News24 агенттігі хабарлағандай, оқыс оқиға жексенбі күні кешке орын алған. Ұшақ «FlySafari» оңтүстікафрикалық бюджеттік әуе компаниясына тиесілі. Әуе компаниясанда атап өткендей, «Боинг» дөңгелегі Кейптаундағы ұшу жолағында зақымданған.
- Әзірге нақты себебін білмейміз. Әдетте бұл ұшу жолағының тегіс болмауы салдарынан болады, - деді «FlySafari» өкілі Кирби Гордон.
Жолаушылар атап өткендей, олар Йоханнесбургте екінші әрекетінен кейін ғана қонды.