13:34, 09 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Оңтүстік Америкада торнадо салдарынан 14 адам мерт болды
АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - Аргентинаның, Бразилияның және Уругвайдың бірқатар аумақтарына төнген торнадоның салдарынан 14 адам опат болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Әсіресе, Аргентинада құрбан болғандардың саны аз емес. Табиғат апаты осы елдің Санта-Роза және Эль-Прогресо қалаларына көп зиян келтірді.
Бразилияда нөсер жаңбырдың салдарынан болған су тасқыны аса ірі Сан-Паулу қаласындағы автокөлік қозғалысының бірнеше сағат бойы бұзылуына әкелді.