Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Оңтүстік астанада Қазақ күресінен «Алматы Барысы» қалалық турнирі өткізіледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда 2016 жылдың 2 мамыры күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына орай, ұлттық спорт түрі - қазақ күресінен «Алматы Барысы» атты ауқымды қалалық турнир өткізіледі.

Оңтүстік астанада Қазақ күресінен «Алматы Барысы» қалалық турнирі өткізіледі

Алматы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, бұл шара «Спорттық Алматы» бұқаралық спортты дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Алматының ең мықты балуаны анықталатын бұл турнирге 8 ауданнан 3 балуаннан қатысады, яғни 24 балуан бағын сынайтын болады.

Қазіргі кезде әр аудан бойынша іріктеу жарыстары өтіп жатыр.

«Алматы Барысы» белбеуіне ие болған балуан алдағы уақытта Республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінде қаламыздың намысын қорғайтын болады.

Сонымен қатар, турнирде ауқымды концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Көрермендер мен жанкүйерлерге кіру тегін!