Оңтүстік астанада мектепте жасалатын қылмыс екі есеге азайды

АЛМАТЫ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда мектепте жасалатын қылмыс саны екі есе азайды. Бұл қалалық ішкі істер департаментінің 2008 жылғы жұмыс қорытындысына арналған алқалы жиында айтылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазіргі таңда қаладағы барлық орта білім беру мекемелері мектеп инспекторларымен қамтамасыз етілген. Бұл мектепте жасалатын қылмыстардың екі есеге дейін, ал жасөспірімдер арасындағы қылмыстың 12,5 пайызға дейін азаюына себеп болып отыр», дейді департамент басшысы Ерлан Тұрғымбаев. Оның айтуынша, өткен жылы сондай-ақ Алматының барлық аудандарында арнайы ұтқыр әкімшілік топтары құрылған. Олар бей-берекет сауда жасау мен қала көшелерінің жабдықталу тәртібін бұзушылармен белсенді күрес жүргізді. Мәселен, былтыр рұқсат етілмеген жерде сауда жасауға байланысты 19 мыңнан астам адамды әкімшілік жауапкершілікке тартып, оларға 18 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
Соңғы жаңалықтар