Оңтүстік Қазақстан: мектептер мен ауруханалардың көпшілігі өрт қауіпсіздігінің талаптарына сай келмейді
ШЫМКЕНТ. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысындағы мектептер мен ауруханалардың көпшілігі өрт қауіпсіздігінің талаптарына сай келмейді.
Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық департаменттің мамандары жүргізген тексерулер осыны анықтады, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Мамандар облыс аумағында орналасқан барлық 1024 мемлекеттік мектепті, 127 аурухана мен 152 емхананы тексерді. Нәтижесінде, тек 38 мектеп пен 23 емдеу мекемесінің өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сай келетіні анықталды.
Ең кең тараған заң бұзушылықтар - өрт дабылының болмауы мен өрт сөндіру құралдарының жетіспеушілігі. Ауданаралық экономикалық сотқа анықталған барлық кемшіліктер жойылғанға дейін 39 нысан мен 406 жайдың пайдаланылуын тоқтату туралы 128 шағым-арыз жөнелтілді. Шағымдардың біразы қаралып, соттың шешімі бойынша 14 нысан мен 108 жеке жайдың пайдаланылуы уақытша тоқтатылды.