17:12, 21 Қаңтар 2009 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының жаңа ректоры тағайындалды
ШЫМКЕНТ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының жаңа ректоры тағайындалды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын 48 жасар Бақытжан Сексембаев басқаратын болды. Бұған дейін ол академия кафедраларының бірін басқарып келді. Академияға дейін Б.Сексембаев ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде жұмыс істеді, министрліктің бас хирургі болды.Басшылықтың ауысуы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ОҚО-ға қарашада жасаған сапарынан кейін орын алды. Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының ректоры Орынбай Дайырбековты сынға алғаннан кейін, ол қызметінен босаған болатын.Бүгінгі күні академияда 3 475 студент оқиды. Олардың ішінде 1 409 адам бюджеттік негізде білім алады.