Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне Өзбекәлі Жәнібековтің есімі берілмек

АСТАНА. ҚазАқпарат – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне мемлекет қайраткері, этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты Өзбекәлі Жәнібековтің есімі берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: abai.kz

«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына Өзбекәлі Жәнібековтің есімі берілсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрық-жобасында.

Ведомство түсіндірмесіне сай, оқу ордасына көрнекті қайраткердің есімін беру оның ғылымға қосқан үлесін лайықты бағалауға бағытталған.

«Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамына Өзбекәлі Жәнібеков есімін беру жоғары оқу орындарының оқытушыларының мәртебесін арттырады және қазақстандық ғалымдардың ғылымға қосқан үлесінің жоғары бағасын көрсететін болады», - деп түсіндірме берілген бұйрыққа.

Құжат 24 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін ведомство басшысы Саясат Нұрбекке жолданады.


Соңғы жаңалықтар