Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутатына қатысты іс қозғалды - Қаржы полициясы

АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қаржы полициясы Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутатына қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы бүгін өткен брифингте Қаржы полицияның ресми өкілі Мұрат Жұманбай айтты,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

М.Жұманбай лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу және олардың мемлекеттік сатып алулар кезінде жеке кәсіпорындарға қамқорлық жасау фактілері кең тарағанын айта келе, оңтүстік аймақ мәслихатының депутаты өзі құрылтайшысы болып табылатын «МКиК» ЖШС-ны басқаруға заңсыз қатыса отырып, ЖШС-ға Бәйдібек ауданындағы орталық аурухана ғимаратының жөндеу жұмыстарын аяқтауға қосымша 80 миллион теңгені бөлуге артықшылық бергенін жеткізді. Оның үстіне, ғимарат бүгінгі күнге дейін қолданысқа тапсырылмаған.

 «Сондай-ақ Астана қаласында «Фитосанитария» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры М. Сәдуақасов 3 жылғабас бостандығынан айырылды. Сәдуақасов «А&К Аgкi» ЖШС-ны басқаруға заңсыз қатысып, кәсіпорынға мемлекеттік сатып алулар бойынша тендерлерге қатысуы кезінде қамқорлық жасап отырған», - деді ресми өкіл.

 Сонымен қатар М.Жұмабай, тексерістер жүргізуге өкілетті бақылаушы органдардың лауазымды тұлғалары тарапынан мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамалық бұзушылықтарды жасыру фактілері анықталғанын айтты.

 Мысалы,«ХПК Өнер» ЖШС өкілінен құжаттық тексеріс кезінде анықталған бұзушылықтарды жасыру үшін 1,5 млн.теңге және 500 АҚШ доллары көлеміндегі параны алуы үстінде ұсталған Астана қаласының қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алулар инспекциясы бөлімінің бас тексеруші-ревизоры Жанабаев, шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айырылды. 

 Осындай факті бойынша қылмыстық жауапқа тартылып отырған Қызылорда облыстық қаржылық бақылау инспекциясының бас бақылаушы-ревизоры, Жосалы жол дистанциясының инженерінен 300 мың теңге көлеміндегі параны анықталған бұзушылықтарды тексеріс актісінде көрсетпеу үшін алған.

Соңғы жаңалықтар