Оңтүстік Қазақстан облысында 72 отбасы Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында баспаналы болды

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының 3-ші бағыты «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» бойынша экономикалық белсенді аймақтарға шалғайдағы перспективасы жоқ ауыл тұрғындарын және балалар үйінің тәрбиленушілерін, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды көшіріп, жұмысқа орналастыру көзделген. Осыған орай, жақында Бәйдібек, Қазығұрт, Мақтарал, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Созақ, Төлеби, Түлкібас аудандарынан, Арыс, Түркістан, Шымкент қалаларынан бағдарлама санатына жататын 72 отбасыға пәтер кілттері табыс етілді. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

«2011-2012 жылдары Шымкент қаласында 480 отбасыға арналған 6 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілген болатын. Осы мақсатқа 2655,1 млн. теңге бөлініп, толық игерілді. Салынып біткен 2 көпқабатты үйлерге 92 отбасы, оның ішінде 2012 жылы 30 отбасы, 2013 жылдың 1-ші жартыжылдығында 62 отбасы қоныстанып, 127 еңбекке жарамды азаматтардың 117-сі тұрақты жұмыспен қамтылды», - делінген баспасөз баянында.

Бұдан бөлек, Шымкент қаласының «Нұрсәт» шағын ауданында 108 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының 3-ші бағыты бойынша салынған.

Соңғы жаңалықтар