Оңтүстік Қазақстан облысында Әділет басқармасының инспекторлары жеке кәсіпкерлермен кеңес өткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауылында әділет басқармасының зияткерлік меншік құқықтары саласының бөлім басшысы Н.Нишанбаева және Аудандық ішкі істер бөлімі учаскелік полиция инспекторы С. Майлыбаев жеке кәсіпкерлер мен дүкен иелеріне Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңы және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі бойынша сұхбат өткізді.
Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әділет департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Қазығұрт ауылындағы сұхбатқа қатысқандарға тауар таңбасын заңсыз пайдаланып, қателікке ұрынғандарды, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалар үшін көзделген жауапкершілікті, осы заңға қайшы әрекет арқылы мемлекетке келтірілген залал мөлшері туралы жан-жақты түсіндірілді.
Мақсума Базарбаева, Азамат Әуелбеков, Талғат Қаныбеков сынды жергілікті жеке кәсіпкерлер құзырлы органдардың өкілдеріне өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, тиянақты, тұшымды жауап алды. Сондай-ақ шағын және орта бизнес өкілдері де өз ойларын ортаға салды.
Осы секілді кездесулер Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі кәсіпкерлер арасында құқықтық мәдениеттің артуына оң ықпал етеді.