Оңтүстік Қазақстан облысында білім саласын бақылау департаментінің басшысы тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 қазанда ОҚО бойынша білім саласын бақылау департаментінің басшысы тағайындалды. Департаментті енді Құрманәлиев Кәрімбек Арыстанбекұлы басқарады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Жаңа басшыны облысқа арнайы іссапармен келген ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім саласындағы бақылау комитеті төрағасы Саят Нүсіпов таныстырды.

К.Құрманәлиев 1962 жылы ОҚО Бәйдібек ауданының Жамбыл ауылында туған. Филология ғылымдарының докторы, профессор Алматы педагогикалық шет тілдер институтын, Қайнар университетін, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын педагог, заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Алматы шет тілдер институтында кәсіподақ комитеті төрағасы және проректор болып бастаған азамат әр жылдары түрлі білім беру мекемелерінде кафедра меңгерушісі, вице-президенті-ректоры, проректоры, департамент директоры қызметтерін атқарған. 2008 жылдың қараша айы мен 2015 жылдың қазаны аралығында Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті лауазымын атқарды.

Соңғы жаңалықтар