22:01, 22 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстан облысында «Ордабасы» кеден бекеті өз қызметін тоқтатты
ШЫМКЕНТ. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысында кеден бекеттерінің бірі өз жұмысын тоқтатты, деп хабaрлады Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысы (ОҚжҚО) бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

«ҚР Қаржы министрлігі Кеден бақылау комитетінің бұйрығымен ОҚжҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің «Ордабасы» кеден бекеті қысқартылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз хатшысы Баян Жармұхамбетова. Оның айтуынша, бекеттің барлық штаттық бірліктері департаменттің өзге бөлімшелеріне берілді.