10:08, 03 Маусым 2010 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстан облысында өрт салдарынан 2 жасар сәби қаза тапты
АСТАНА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданына қарасты Жетісай қаласындағы жеке үйден шыққан өрт кезінде 2 жасар бүлдіршін қаза тапты,
деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Өрт туралы дабыл маусымның 2-сі күні сағат 00:15-те Қожанов көшесінен түскен. Тілсіз жау 12 шаршы метр аумақты қамтыған. Өрт сөндіру барысында күйік шалған 2 жасар қыз ауруханада көз жұмды. Жалын тілі бір сағат өткеннен кейін ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің күшімен ауыздықталды.