Оңтүстік Қазақстан облысында суармалы жерлер мен жылыжайлар ауданы ұлғаюда
МКЕНТ. 1 қазан. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысында суармалы жерлер мен жылыжайлар ауданы ұлғаюда, деп хабарлады ОҚО облыстық ауыл шаруашылық басқармасы.
Ведомствоның мәліметтері бойынша, соңғы екі жылда су шаруашылығы нысандарын қалпына келтіру есебінен 77 000 гектар суармалы жерлер айналымға қайтарылды, оларда 9 000 жаңа жұмыс орындары ашылды. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы айналымына 26 700 гектар жер қосылды. Оның 19 100 гектары пайдалануға берілді. Соған сәйкес тағы 6000 адам жұмыспен қамтылды
Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтеріне қарағанда, ұзындығы 9 974 шақырымдық бос жатқан 1406 су арнасы коммуналдық меншікке берілді. Барлық аудандарда су беретін коммуналдық кәсіпорындар құрылды, оларға 954 млн. теңгеге 236 бірлік жаңа техника сатып алынды.
Ел аймақтарын маусым аралығында жас көкөністермен қамтамасыз ету міндеті ойдағыдай жүзеге асырылуда. Жылыжайлар ауданы 51 пайызға ұлғайып, 315 гектарды құрады. Жыл аяғына дейін олардың көлемін 370 гектарға дейін ұлғайту көзделіп отыр. Соның ішінде 11,5 мың гектар жылыжайлар 93 мектеп жанында салынғанын атап өту қажет.
Бүгінде тамшылатып суару 4852 гектар жерге енгізілген. Жыл аяғына дейін тамшылатып суару технологиясы енгізілген аумақ 19 000 гектарға дейін ұлғайтылады. 2009 жылға дейін небәрі 1000 гектар оңтүстікқазақстандық алқап қана тамшылатып суарылған болатын.
Осындай жүргізілген нақты жұмыстардың арқасында облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемі 8,4 миллиард теңгеге ұлғайып, 50 млрд. теңгені құрады. Сүт өңдейтін үш, ет өнімдерін өңдейтін - екі, жеміс-көкөніс өңдейтін - екі, жүн өңдейтін екі кәсіпорын құрылды.