Оңтүстік Қазақстан облысында тұмаудан және тыныс жолының вирустық инфекциясынан ауырғандардың саны артуда

ШЫМКЕНТ.  Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысында тұмаудан және тыныс жолының жіті вирустық инфекциясынан ауырғандар санының өскені тіркелді,

Оңтүстік Қазақстан облысында тұмаудан және тыныс жолының вирустық инфекциясынан ауырғандардың саны артуда

деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облыстық санэпидқадағалау департаментінен.

Маусым басынан бері тұмауратқан - 29, ал желтоқсанның 3-інде 6 ауру тіркелді. Тұмаудан және тыныс жолының жіті вирустық инфекциясынан ауырғандар іс жүзінде бұдан жүздеген есе көп. Адамның дәрігерге қаралған жағдайда ғана тіркелетіні жасырын емес. Өткен аптада - 3 162 адам, өткен күн ішінде 1 554 адам тұмау жұқтырған.