Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Оңтүстік Қазақстан облысында үш күнде екі мал ұрлаушы топ құрықталды

ШЫМКЕНТ. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстікқазақстандық полицейлер соңғы үш күн ішінде барымташылардың екі тобын құрықтады. Олардың біреуінің 20-дан астам мал ұрлығына қатысы барлығы анықталды,

Оңтүстік Қазақстан облысында үш күнде екі мал ұрлаушы топ құрықталды
деп хабарлайды ҚазАқпарат ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Соңғы уақытта Сайрам ауданы жұртшылығының полицияға арыз-шағымы тым көбейіп кетті. Оған ауыл тұрғындарының малдарынан айырылуы себеп болуда. Белгісіз біреулер ауылдың 60 жылқысы мен сиырын айдап әкеткен. Материалдық шығын 3 млн. теңге құрады. Арнайы шаралар жүргізу барысында полицейлер екі күдіктіні қолға түсірді. Олардың біреуі ? 45 жастағы Төлеби ауданының, екіншісі ? 24 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны. Екеуі де жұмыссыз, бұдан бұрын ұрлық жасағаны үшін жауапқа тартылған. Аудандық ІІБ тергеушілері олардың 24 рет мал ұрлауға қатысқанын анықтады. Осындай оқиға Бәйдібек ауданында да орын алды. Мал ұрлаушылар 8 сиыр мен 4 жылқыны қуып әкеткен. Келтірілген шығын миллион теңгеден асты. Бірнеше күннен кейін қылмысқа қатысы бар деген күдікпен осы ауданның тұрғындары - әкелі-балалы барымташылар ұсталды. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Арқан, балта секілді айғақты заттар алынды. Барымташылар ұрланған малды базарға шығарып сатқандарын мойындады.