Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа оқу жылында 11 жаңа мектеп салынды

ШЫМКЕНТ. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа оқу жылында 11 жаңа мектеп салынды. Ол мектептерде 10 450 оқушы партаға отырады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Оңтүстік Қазақстан  облысында жаңа оқу  жылында  11  жаңа мектеп  салынды

Үш жаңа мектеп - Шымкент қаласында, екі мектеп - Сайрам ауданында, қалған мектептер - Мақтаарал, Ордабасы, Төлеби, Түлкібас, Бәйдібек би аудандары мен Түркістан қаласында ашылып отыр. Іске қосылған мектептердің тоғызы «100 мектеп, 100 аурухана» президенттік бағдарламаның аясында салынды. Ал Сайрам ауданы мен Түркістандағы екі мектеп - сәйкесінше, республикалық және облыстық бюджеттердің есебінен салынып отыр.

Барлық мектептер мультимедиялық кабинеттермен, зертханалармен, мамандандырылған оқу сыныптарымен жарақталған. Сондай-ақ, шеберханалармен жабдықталған. Оған қоса, кітапханалар, әдістемелік кабинеттер, дәрігерлік, психологиялық қызмет кабинеттері, спорт залдар, ән-күй залдары, хореография студиялары бар.