Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа оқу жылында 23 мектеп ашылды

ШЫМКЕНТ.  Қыркүйектің 2-сі.  ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ -    Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа  оқу жылында  23  жаңа мектеп   ашылды.
None
None

 Олардың 21-і  мемлекет  қаржысына  салынса,  екеуін - жеке тұлғалар тұрғызды.      Жаңа  білім   ошақтарының    жалпы сыйымдылығы - 10 мың адамға жуық.

Бұл мектептер  негізінен  «100  мектеп,   100  аурухана»   мемлекеттік  бағдарламасы   бойынша   салынды. Бірақ  та  осынша мектептің салынғанына   қарамастан,  аймақта   орын жетіспеушілігі  әлі  де өткір  тұр.    1026  мектеп жұмыс істейді,   олардың жартысынан  көбі    бейімделген    ғимараттарда орналасқан,  кейбіреулері  ескі  саман      үйлерде орналасқан.    69 мектеп апатты  жағдайда тұр,    29 мектепте  балалар үш  ауысымда  оқиды.

Оқушыларды     замана  талаптарына сай   білім орындарымен   толық қамтамасыз  ету  үшін,  облыста  жыл  сайын 40 жаңа мектеп  салу  керек.   Жылдың соңына дейін аймақта  тағы 19 нысан   пайдалануға берілмек, ал  келесі  жылы - 20 мектептің  құрылысы аяқталады.

Соңғы жаңалықтар