Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Оңтүстік Қазақстан облысында «Жол картасы» бағдарламасы аясында суару арналары жөнделіп жатыр

ШЫМКЕНТ. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысында «Жол картасы» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығының суару жүйелеріне кең көлемде жөндеу жұмыстары жоспарланған,

Оңтүстік Қазақстан  облысында «Жол  картасы» бағдарламасы  аясында суару арналары     жөнделіп жатыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық коммуналдық меншікке қарайтын 2 335 шақырым суару арналарының 73,7 пайызы немесе 1 772 шақырымы жөнделмек. «Жөндеу жұмыстарына 5 180 адам тартылғалы отыр. Пайдалануға бөлінген жерлерде 22 035 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ», дейді еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Жеңісбек Мәуленқұлов.