08:44, 08 Қаңтар 2009 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстан облысының ауруханаларында жұмыс істемейтін құралдар қолданылады
ШЫМКЕНТ. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысының дәрігерлері сырқаттарға ақаулы аспаптардың көмегімен диагноз қойып келген,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу мен метрология комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандары былтыр облыс бойынша 137 медициналық мекемені тексерген. Нәтижесінде «Өлшеуіш құралдарының біртұтастығын қамтамасыз ету туралы» Заң ережелері мен нормаларын бұзудың 74 оқиғасы анықталған. Көп тараған заңсыздықтардың қатарында - құжаттарды дұрыс толтырмау, аспаптардың дұрыс жұмыс істеуін бақылайтын мамандардың жоқтығы сияқты проблемалар бар. Тексеру барысында анықталған фактілердің қатарында - 1962 жылы шыққан аспапты пайдалану, тіпті мемлекеттік реестрден шығарып тасталған рентген-аппаратын қолдану сияқты оқиғалар да кездесіп отыр. Дәрігерлер осындай аппаратуралардың мәліметтері негізінде сырқаттарға диагноздар қойып келген. Анықталған заңсыздықтар бойынша 85 лауазымды тұлғаға жалпы сомасы 2 миллион 528 мың теңгенің әкімшілік айыппұлдары салынып отыр.