Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында үш жылдық даму жоспары жасалды

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. Қарашаның 27-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында үш жылдық әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы жасалды.
None
None

Аудан басшылығы әзірлеген бағдарламаның мақсаты - аймақты артта қалушылар қатарынан шығару, - деді Қазығұрт ауданының әкімі Тұманбек Әлиев.

Қазығұрт ауданы бүгінде даму қарқыны жөнінен соңғы орындарда келеді. Т.Әлиевтің оның тізгінін қолына алғанына үш ай ғана толды. «Біз неғұрлым перспективалы салаларға толық талдау жасадық және халқымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмыс жоспарын белгіледік», - деді Т.Әлиев.

Бірқатар жобалар ұсынылды, олардың қатарында минералдық су шығару және емдік көздерде шипажай салу сияқты қызықты ұсыныстар бар. Сондай-ақ шырын өндірісі цехын ашу, тігін фабрикасын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу зауытын және құс фабрикасын салу жоспарлануда. Бұл жобалардың бәрі де бағдарламаға енгізілді, қазір инвестициялық жоспар жасау жұмыстары жүргізілуде.

Тағы бір көңіл бөлуге тұратын жоба - жеміс-жидек бақтары. Қазығұрттықтар алматы апортын өсірмек. «Келесі жылы тау беткейінде 200 гектарға алма бағын егеміз. Бізде климат жағдайы жақсы, сондықтан болашақта оның алқабын 500 гектарға дейін ұлғайтпақпыз», -деді Т.Әлиев.

Экономистердің есептеулеріне қарағанда, осы жобалардың барлығы «Жол картасын» қоса алғанда, 4 мыңға жуық қосымша жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.  

Соңғы жаңалықтар