Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында жаңа аурухана ашылды

ШЫМКЕНТ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Отырар ауданының Маяқұм ауылдық округінде 25 кереуеттік жаңа аурухана ашылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оны салуға облыстық бюджеттен 159 млн. теңге бөлінді, клиниканы «Олжа» ЖШС тұрғызды. Аурухананың ашылуы ауыл тұрғындары үшін жағымды жаңалық болды, бұрынғы емхана бұдан 30 жыл бұрын салынған ғимаратта қыстырылып-қымтырылып келген болатын. Жаңа денсаулық сақтау мекемесіне осы заманғы жабдықтар орнатылды. Ал енді жуық арада округтегі Қостерек ауылында Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің жаңа ғимараты пайдалануға беріледі. Оны салуға республикалық бюджеттен 330 млн. теңге бөлінген болатын.
Соңғы жаңалықтар