Оңтүстік Қазақстан облысының тәртіптік кеңесі екі лауазымды тұлғаны қызметтен босатуға кеңес беруде

ШЫМКЕНТ.  Желтоқсанның  2-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан  облысының тәртіптік  кеңесі екі  лауазымды   тұлғаны қызметтен босатуға  кеңес  беріп  отыр.  
None
None

Тәртіптік кеңестің  мәжілісінде   мемлекеттік қызметкерлер  жол берген заңсыздықтармен байланысты бірнеше іс  қаралды. Олардың  қатарында -    Шымкент  қаласының Әл-Фараби  аудандық   санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау  басқармасы бастығының  ісі  бар.    Кеңеске  лауазымды  тұлғаның қарамағындағы   қызметкерлерінен көп шағым-арыз түскен,  істі  қарауға     басқарманың барлық  дерлік  ұжымы келген.   Әңгіме  барысында анықталғандай,   басқарма бастығы      мейрамханалар мен  сауналардағы,  басқа да көптеген шығыстарын   өз қызметкерлеріне  төлеттіріп  келген болып  шықты. Оған қоса, санитарлық  дәрігерлер,   басшыларының   олардың жалақысына  үстемелер қойып,  кейін  оларды өзі  алып отырғанын    да  баян етті.   Тәртіптік кеңес    облыстық СЭС  департаментінің басшылығына       басқарма  басшысын  қызметінен босату  туралы    ұсыныс  жасау  туралы  шешім қабылдады.

Тәртіптік кеңес  Отырар  аудандық   әділет басқармасының бастығына    осындай     шара   қабылдауға   ұсыныс  жасап  отыр.        Бұл   шенеуніктің  үстінен түскен  шағымда,   оның     жұмысқа  тұрғызғаны үшін   ауданның екі  тұрғынынан  120 мың    «сыйақы» алғаны   жазылған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының  орынбасары  да тәртіптік кеңестің     назарына ілікті.  Шенеунік, мемлекет қаржысының  есебінен,    жылына екі  рет  өзіне  қатысы  жоқ біліктілікті  жетілдіру курстарына  барып   отырған.  Ал сол  кезде   түрлі ауруханалардың 200-дей           дәрігері   қаржының  жоқтығынан   қажетті    курстарға     бара алмаған.  Тәртіптік   кеңес мүшелері        оған    сөгіс  жариялауға   ұсыныс   беріп  отыр.

Соңғы жаңалықтар