Оңтүстік Қазақстан облысының жаңа әкімі тағайындалды

ШЫМКЕНТ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Бүгін түстен кейін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Шымкентке келіп, облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Үкімет басшысы депутаттардың бекітуіне аймақтың жаңа әкімі кандидатурасы ? Асқар Мырзахметовты ұсынды. Бұған дейін А.Мырзахметов «Оңтүстік ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болды. Оның ауыл шаруашылығы және экономикалық білімі бар, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты. 1988-1991 жылдары Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының шығыс бөлімі жүйесінде кіші, одан кейін аға ғылыми қызметкер болды. 1991-1997 жылдары шаруашылық субъектілері мен қоғамдық ұйымдардың басшысы қызметтерін атқарды. 1997 жылдан 2006 жылға дейін А.Мырзахметов ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі, бірінші вице-министрі, министрі қызметін атқарды. 2006 жылғы сәуірден 2007 жылғы қыркүйекке дейін ? Қазақстанның Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары Асқар Мырзахметовтың кандидатурасын мақұлдады және ол Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып Нұрғали Әшімовті ауыстырды. Нұрғали Сәдуақасұлы Әшімов облысты 2007 жылғы тамыздан бері басқарып келе жатқан болатын.
Соңғы жаңалықтар