12:53, 08 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Оңтүстік Қазақстанда 367 мыңдай бүлдіршін полиомиелиттен сақтандырылды
ШЫМКЕНТ. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысында 6 жасқа дейінгі балаларды полиомиелитке қарсы қосымша егу жұмыстары толықтай жүргізілуде. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, 367 мыңдай бала егіледі.
Вакцияналау жұмыстары небәрі 5 күн ғана жүргізіледі, сондықтан, дәрігерлер процестің ұйымдастырылуына баса назар аударды. Акция барысында ақпараттандыру науқаны белсенді жүргізілді, ата-аналарға ақпарат таратылып, елді мекендерде қауіпті ауру туралы жазылған 140 мыңға тарта плакаттар ілінген.
Сонымен қатар, дәрігерлер кішкентай сәбиі бар әр обасыға телефон соғып, вакцияналау алдында азаматтардың ұялы телефондарына SMS хабарлама жіберілді.
Вакцияналау балалар емханасының барлығында жүргізіліп жатыр.
«Оңтүстік Қазақстан облысына біз 429 мың вакцина жібергенбіз», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Айтмағамбет Жолшорынов.